Британияда Жәнібек Әлімханұлы мен Канелоның жекпе-жегі қашан өтеді?

0

 DAZN стримингтік сервисінің мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы мен Сауль Альварес арасындағы гипотетикалық жекпе-жек 2026 жылдан ерте өтпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

DAZN: Әлімханұлы мен Канело арасындағы жекпе-жек 2026 жылдан бұрын өтпейді

DAZN ресми сайтының хабарлауынша, орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен екінші орта салмақта үш чемпиондық белдікке ие мексикалық супержұлдыз Сауль Канело Альварес арасындағы ықтимал жекпе-жек 2026 жылға дейін өтуі екіталай.

Бұл кешігудің басты себебі – Альварестің 2025 жылға арналған жекпе-жектер кестесі бұрыннан бекітілген.

3 мамырда Канело екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына тағы бір мәрте таласып көреді. Бұл жолы ол Сауд Арабиясында Вильям Скуллмен кездеседі. Егер ол осы кездесуде жеңіске жетсе, онда қыркүйекте Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізуі жоспарланып отыр. Егер Альварес 2025 жылы осы екі жекпе-жекте де жеңіске жетсе, онда 2026 жылы Жәнібек Әлімханұлын екінші орта салмақта қарсы алуға дайын болуы мүмкін, — деп жазылған DAZN материалында.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Альвареске ашық түрде жекпе-жекке шақырып, өзін «орта салмақтың королі» деп атап, «екі патшаның айқасын» ұйымдастыруға дайын екенін айтқан болатын. Алайда сарапшылар бұл жекпе-жек ауқымды дайындықты қажет ететінін және ол Жәнібектің мансабындағы ең ірі оқиғалардың бірі болатынын алға тартып отыр.


ПІКІР ЖАЗУ