Алматыда 170 оқушы жаңа оқу жылын коттеджде бастады

0

Алматыдағы жекеменшік мектептің 170 оқушысы жаңа оқу жылын коттеджде бастады. Оларды мемлекеттік ғимараттан шығарып жіберген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, оқу орны 20 жылдан астам уақыт бойы қала әкімдігінен ғимаратты жалға алып келген. Алайда жуырда әкімдік оны балабақшаға айналдыруға шешім қабылдаған.

Көшу туралы мектепке те, ата-аналарға да алдын ала ескертілген. Бірақ ата-аналар мен мұғалімдер соңына дейін мектепті сақтап қалуға тырысқанымен, шешімге әсер ете алмады. Қазір жекеменшік мектептің барлық 170 оқушысы коттеджде оқып жүр. Тамыздың соңғы күнінде бөлмелерге тақта мен парталар қойылған. Салтанатты жиын тікелей аулада өткен. Бұрын мектепте 230 бала оқыған, оның 60-ы мектептен шығып кеткен.

Ол ғимаратқа үйреніп қалғанбыз. 20 жылға жуық отырдық. Әрбір бұрышын танимыз. Өзіміз бәрін жасап, жайластырып алғанбыз. Сондықтан ол ғимарат бізге өте қымбат еді. Бізді шығарып жіберді. Әкімдіктен өте қатты топ келді, – деді мектеп директоры Ольга Габитова.

Мектеп әкімшілігі айтуынша, оларды өткен оқу жылынан бастап көшіру туралы ескерткен, бірақ шешімге шағымдана алмаған. Соңғы аптада ғимаратты босатуды сұраған. Жақында оны балабақшаға айналдырылмақ.

Мұғалімдердің сөзінше, оларға жақын маңдағы мемлекеттік мектептерге жұмысқа орналастыруға уәде етілген, бірақ бос орын табылмаған.

Әкімдік өкілдері бәрі заң аясында жасалғанын айталы. Ғимарат мемлекетке тиесілі, жеке мектеп оны 20 жыл жалға алған. Енді әкімдік бастамасымен келісімшарт бұзылған.

Алматыда мемлекеттік балабақшаларға сұраныс жоғары. 40 мыңнан астам бала кезекте тұр. Бұл ғимаратта 2023 жылы жалға алу келісімі бұзылған. Біз алдын ала ескерттік, бірнеше рет хабарлама жібердік. Бұл мәселе Сағынтаев әкім болған кезден басталған. Барлық құжаттарымыз бар, – деді Алматы мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары Жанторе Айтжанов.

Мектеп басшылығы бұл оқу жылын коттеджде өткізетінін, кейін несие алып, жаңа ғимарат салатынын айтты.


ПІКІР ЖАЗУ