Аймағамбетов: Мектептерде смартфонға тыйым салу – дұрыс қадам

0

 Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) смартфондарды қолдануға шектеу қоюды «жеңіл шешім емес, бірақ дұрыс қадам» деп атады. Оның айтуынша, мұндай бастамалар Қазақстанда барған сайын жиілеп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

НЗМ басшылығы мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою туралы батыл да орынды шешім қабылдады. Бұл – жеңіл шешім емес. Бірақ бүгінде еліміздің көптеген мектептері осындай ережелерді енгізіп, сол бағытқа бет бұрып жатыр, — деп атап өтті депутат.

Аймағамбетов халықаралық тәжірибе мұндай шаралардың тиімділігін дәлелдейтінін атап өтті. Шетелдегі көптеген жетекші мектептерде смартфонға тыйым көптен бері қолданылады және оң нәтижелер көрсетіп отыр. Ал бірқатар Еуропа елдерінде ол заңнамалық деңгейде бекітілген.

ЮНЕСКО деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай әлемдегі білім беру жүйелерінің 40 пайызы мектептерде смартфон қолдануға ресми түрде шектеу енгізген. Бұл – технологиямен күрес емес, ол баланың ойын бөлмейтін, зейінін шашыратпайтын, шынайы білім мен қарым-қатынасқа жол ашатын орта қалыптастыруға бағытталған қадам, — дейді Асхат Аймағамбетов.


ПІКІР ЖАЗУ