ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

0

Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Айта кетейік, Еңбекші ауданында 530 жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелген. Оның ішінде 295 үй жылыту маусымына дайын.

Аудан бойынша қысқы дайындық жұмыстарын жүргізетін 6 қызмет көрсетуші мекеме бар. Олармен көп қабатты үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындау, сығымдау барысында құбырлардың ақаулары тексеріледі және тік құбырларға 6-7 атмосфералық қысым беріліп, ақаулар анықталған жағдайда жарамсыз бұрандалар ауыстырылады. Сонымен бірге ысырма жапқыштар майланып дайындалады. Дайындалған үйлер дайындық актілерімен «Қуат жылу орталық-3» МКК тарапынан қабылданады.


ПІКІР ЖАЗУ