Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті Съезі 2028 жылы өтеді

Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXIII отырысы өтіп, онда VIII Съездің қорытынды декларациясының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиында сондай-ақ хатшылықтың келесі – XXIV отырысын өткізу мерзімі қаралды.
Бұл мәселе бұған дейін жұмыс тобында талқыланған. Осыған байланысты жұмыс тобының ұсынысын қолдап, хатшылықтың келесі отырысын 2026 жылдың 7 қазанында Астанада өткізуді жөн деп санаймын. Ал тоғызыншы Съезді 2028 жылы елордада ұйымдастыру ұсынылып отыр. Нақты күндері кейінірек белгілі болады, – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы, Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Еске салсақ, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIII отырысы өткені жайлы бұған дейін жаздық.