Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр

Алматыда жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдардың жұмысы бақылауға алынған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан компаниялардың қызметтерін тексеріп жатыр.
– Жол жөндеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жыл басынан бері ауданда 23 мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады депараменттен.