Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды
Алматы облысында қоқыс полигонынан шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Еске салайық, Алатау маңындағы өрт 15 қыркүйек күні таңертең басталған болатын. Жалын шамамен 15 гектар аумақты шарпыған. 18 қыркүйекте қалада жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Тілсіз жауды ауыздықтауға алыс-жақын аймақтардан келген өрт сөндіру бөлімшелері тартылып, әскери қызметшілер де жұмылдырылды.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/730884-almaty-oblysynda-kokys-poligonyndagy-ort-oksaulandy