Welcome to Almaty: «Реал» Алматыға арналған бейнеролик жариялады

0

 Мадридтік «Реал» футбол клубы ресми әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыға арналған арнайы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Роликте Алматының басты символдары мен қала көрініс көрсетілген. Ал фон ретінде қазақтың төл мәдениетінің белгісі – домбыра үні қойылып, ұлттық нақыш айқын сезіледі.

Бұл ролик «Реалдың» алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайратқа» қарсы өтетін ойынының қарсаңында жарияланған. Испандық клуб жанкүйерлерін Қазақстанмен жақынырақ таныстыруды мақсат еткен. 178 миллион жазылуышысы бар клубтың бұл бейнеролигіне қазақстандық жанкүйерлер жылы қабылдап, пікірлер қалдыруда.


ПІКІР ЖАЗУ