Қазақстандық оқушылар күзгі демалыста қанша күн демалады?

0

 2025 жылғы күзгі демалыс жеті күнге созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсанның аяқталуына небәрі үш апта қалды. Күзгі демалыс 27 қазаннан басталып, бір аптаға созылады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады, — деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалатынын хабарладық. 


ПІКІР ЖАЗУ