27 мыңнан аса адамнан анықталды: Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны күрт артты

0

Қазақстанда жыл басынан бері 27 мыңнан аса адамнан онкологиялық ауру анықталды. Оның үштен бірі ерте сатысында анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 24.kz жазды.

Ғылым-зерттеу онкология және радиология институтының мәліметінше, науқастардың жартысынан астамы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар.

Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші жыл сайын 6,5%-ға өсіп келеді. Алайда соңғы он жылда өлім-жітім деңгейі 33%-ға төмендеген. Бұл жағдайды мамандар жаңа түзілімдерді анықтау мүмкіндіктерінің артуымен және ұлттық скринингтік бағдарламалардың енгізілуімен байланыстырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 242 мың онкологиялық науқас динамикалық бақылауда тұр.


ПІКІР ЖАЗУ