Павел Дуров Digital Bridge-ден кейін Көлсайға түсті

0

 Павел Дуров Digital Bridge-ден кейін Көлсайға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келіп, Астанада өткен Digital Bridge халықаралық форумына қатысты. Іс-шара барысында Орталық Азиядағы цифрлық технологиялар мен стартаптардың дамуы талқыланды.

Форумнан кейін кәсіпкер Алматы облысына барды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Көлсай көлінің көркем жағалауынан судан шығып келе жатқан видеосын жариялады. 

“It was a good swim” ( «Жақсылап жүздім») — деп жазды ол.

Айта кету керек, Көлсай көлдері Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді. Парктың ресми сайттарында көлге шомылуға тыйым салынғаны көрсетілген. Судың температурасы өте суық. Сондай-ақ су астында ағындар мен басқа да қауіптер болуы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ