Несие қымбаттайды, депозит табысты болады – сарапшы

0

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 16,5% болған. Сарапшы Айбар Олжай алдағы уақытта ақшаны орынсыз жұмсамай, депозитте сақтауды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының айтуынша, жалпы бұл күтілген қадам.

Базалық ставканы арттырудың себебі қазір реттеушінің де, жалпы мемлекетіміздің де ең басты мақсаты инфляцияны тоқтату және оны белгілі бір деңгейге түсіру. Сондықтан базалық ставка – бұл ретте монетарлық механизмнің ең негізгі тетігі. Біз оны тек базалық мөлшерлеме арқылы реттей аламыз, — дейді ол.

Базалық мөлшерлеменің өсуі несие саласына да әсер етеді.

Тиісінше базалық ставканың өсуіне қарай кредиттер қымбаттайды, ал депозиттер табысты бола түседі. Бұл – нарық пен халыққа берілетін сигнал: ақшаны құрта бермей, керісінше депозитте сақтаңыздар. Сол кезде жақсы табысқа ие боласыздар. Қазір нарықтан артық ақшаны алып тастап, тұтыну қарқынын, әсіресе импорттық тұтыну қарқынын сәл төмендетіп, инфляцияның аузын буу керек. Дәл осындай мақсат қойылып отыр, — дейді ол.

Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген еді.


ПІКІР ЖАЗУ