Алматыда тауға шыққандар санын есептейтін алғашқы құрылғы орнатылды

Үлкен Алматы шыңына тауға шығуды автоматты түрде есепке алатын еліміздегі алғашқы құрылғы орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жоба Алматының Туризм басқармасы тарапынан экотуризмді цифрландыру мен туристік инфрақұрылымды дамыту аясында қолға алынып отыр.
Басты мақсат – тауға шығушылардың белсенділігін есептеп, тау бағыттарына түсетін жүктемені талдау. Құрылғы әрбір өрмелеуді адамның қатысуынсыз автоматты түрде тіркеп, нақты статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазан айының соңына дейін осындай құрылғылар Қаныш Сәтбаев (Советов) және Жастар шыңына да орнатылады.
Жиналған деректер тау бағыттарын жоспарлауға, навигациялық жүйелерді жетілдіруге және таудағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға қызмет етпек, – деп жазылған хабарламада.
Мұндай технология Швейцария, Аустрия және Жаңа Зеландия сынды елдерде кеңінен қолданылады. Алматы да осы әлемдік тәжірибені Іле Алатауының жағдайына бейімдеп енгізіп отыр.