Шымкентте жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді

0

Шымкент қаласында жеңіл және тоқыма өндірісі қарқынды дамып келеді. Шаһарда киім тігетін кәсіпорындардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Солардың бірі «SAGITEX GROUP» ЖШС – іш киім өнімдерін шығаратын фабрика . Жобаға 337 млн.теңге инвестиция тартылып, 11 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

Өндіріс нысаны жылына 400 000 дана өнім тігіп, сатылымға шығаруда.Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілген.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы инвестициялық портфелі 4 364 жаңа жұмыс орнын құрумен 98,5 млрд.теңгеге 48 жобадан тұрады.

Бүгінде оның ішінде 2293 жаңа жұмыс орнымен 43,2 млрд.теңгеге 26 жоба іске қосылды.

Жыл соңына дейін 12 млрд.теңгеге 5 жобаны іске қосып, онда 290 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) жобасы аясындағы 6%-дық жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ