ШЫМКЕНТ: «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысы талқыланды

0

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Бектаеваның қатысумен аппараттық жиналыс өтті.
Шараға қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Тулегенов пен Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, «Оңтүстік» су филиалы, сондай-ақ ұжым қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай жасалынған іс-шаралар жоспары мен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысы талқыланды.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен арыз-шағымдардың уақытында орындалуы, партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар бойынша есеп берілді.
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Партия филиалының бұл міндеттемесі жыл соңына дейін толығымен орындалады.
Бұдан бөлек, партиялық ішкі тәртіп пен тапсырмалардың сапалы орындалуы басты назарда екені айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен іс шаралар нақтыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ