Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы саласында 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

0
67

Шымкент қаласында 2 индустриялық («Оңтүстік», «Тассай»), көлік-логистикалық және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске асырылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ал «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылды. Ондағы жұмыс орындары — 1 мыңға жуық.

Сонымен қатар, көлік логистикалық аймағында бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Баспасөз мәслихатында Айбек Сәттібаев ауыл шаруашылығының жұмыстарына да тоқталды.

– Өңірде агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілді. Биыл ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 931 млн.теңгеге 8 жоба іске қосылып, жаңадан 51 жұмыс орны ашылды. Әкімдік тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түріне мониторинг жүргізуде. Бұл тауарлар келісім-шарттар негізінде белгіленген бағада сатылуда, — Айбек Берікұлы.

Айта кетейік, қала аумағында егіс алқаптары шектеулі болғандықтан, бақша дақылдары Түркістан облысынан әкелінеді және баға саясаты нарықпен дербес реттеледі.


ПІКІР ЖАЗУ