ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қоры күн санап артып келеді

0

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қорын көбейту, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала көшелерінің бойындағы ағаштар бұталып, ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ағаштардың түбі әктеліп, қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мақсатында 23 125 шаршы метр аумаққа 6 244 дана ағаш отырғызылса, 1 873 шаршы метр жерге 64 944 түрлі декоративті гүлдер егілді. Әсіресе, жазғы уақыттарда көркейту-көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша отырғызылған ағаштар қатарында кәдімгі қарағай – 556, Қырым қарағайы – 72, үйеңкі – 1296, тұт – 338, шаған – 700, емен – 320, қарағаш – 2340 және көп жылдық бұталардың түрлері бар. Сонымен бірге, аудан аумағына шафран – 12 528, тагетис – 18 752, петунья — 6 289, сальвия гүлдері егілді.

Қаладағы саябақтарда қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы аулаларды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Соның ішінде Қаратау ауданы тұрғындары көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда.

 


ПІКІР ЖАЗУ