ЖОЛДАУ: Қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру — Мемлекеттің міндеті

0

Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов:
Қазақстан халқына арналған ағымдағы Жолдау, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарияланды. Біз, біртұтас ел болып қуатты қоғамға айналдық, бейбіт өмір, қоғамдағы татулық қазақстандықтардың ынтымағының арқасында бой көтерді. Пандемиядан соңғы экономикалык дамудың 2025 жылға дейінгі «Ұлттық жобасын» дайындап, Орталық Азия мемлекеттері арасында дамудың жаңа драйверлерін жузеге асыру керек. Кәсіпкерлерге 3,5 трл. тенге көлемінде көмек көрсетіп, 150 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтап қалдық. Бизнестің жол картасы 2022 жылға дейін ұзартылды. Товар экспортын бір жарым ретке көбейтіп 24 млрд. долларға көбейту көзделген.
Агроөнеркәсіп саласы бойынша көбірек жұмыс атқарып, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар өз иелеріне дәл уақытында жетуі қажет. Бізде осы субсидиялар талан-таражға түсіп жатқанына да куә болдық. Әсіресе, ағымдағы жылы ауа райы қолайсыз болып, құрғақшылықта шөп жинау да күрделі мәселеге айналды. Судың тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлері азық-түлік, жеміс-жидек жеткізудің жаңа тәсілдерін қолданулары қажет.
Денсаулық және фармацевтика салаларына көңіл бөліп ,қомақты қаржы берілетінін айтты. «Дені сау» ұлт жобасы аясында зертханалар 90 пайызға дейін жаңа технологиялармен жабдықталады. Жахандық фармкомпаниялармен байланыс орнатып, отандық вакциналарды шығаруды жолға қою қажет.
Педагог кадрларды, ғалымдардың мәртебесін көтеру және олардың жалақы мөлшерін арттыру. 2025 жылға дейін 1000 мектеп құрылысын қолға алу, профориентация яғни кәсіп таңдау аясында жұмыс істеу. Келісімшартпен оқитын 50 мың студенттің 85 пайызы аз қамтылған отбасылардың балалары екен.
Урбанизацияға үлкен көңіл бөліп, даму стратегиясы аясында инфраструктураны дамыту қажет. Моноқалаларда 1,4 млн. азаматтар турады. Жаңа баламалы қуат көздерін табу керек. Қазақстан Республикасы енбек мигранттарын қабылдау бойынша СНГ мемлекеттері арасында екінші орынды иемденеді. Саяси реформа және модернизация өз жалғасын тауып отыр, келесі уақытта аудан әкімдерін халықтың өзі сайлайтын тәсіліне көшеміз. Гендер саясатын әрбір азаматтың қолдауы қажет. Мемлекеттік тілге үлкен мән беруіміз керек. Әрбір мемлекеттің өз тілі болады, осыған орай, біз қазақ тілін дамыту аясында мәдени іс-шараларды өткізуіміз қәжет. Міне алдымызда «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі тұр.
Мақсатымыз айқын, нақты жоспарлар жасап халықтың мүддесін қорғау болып табылады. Біз мықты мемлекет болу ушін, кушті мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырып, халқымызға адал қызмет етуіміз қажет. «Кімдер сенбесе кетуі мумкін»- деп, мемлекеттік қызметкерлерге басып айтты. Осы 30 жыл көлемінде қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы ҚХА-ның ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастыруының арқасында деп білеміз. Ынтымақ бар жерде ырыс, береке бірге журеді.

ПІКІР ЖАЗУ