ІТ-МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ ТАПСЫРЫЛДЫ

0

Президент цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі өзінің орынбасарларына білім беру ұйымдарындағы STEM кабинеттерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалауды, ІТ-мамандар даярлаудың қалалық кешенді жоспарын әзірлеуді жүктеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілуін шешу мақсатында геопортал жүйесін бекітілген мерзімде іске қосуды тапсырды. Нәтижесінде жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, инженерлік желілер салалары бойынша жүйелі ақпараттық деректер қалыптастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылатын болады.

Актив отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов аграрлық индустрияны жолға қоюда кешенді жұмыстарды жалғастыру қажет екендігін айтты. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасына мал жайылымдық жерлерге талдау жүргізіп, мал басының саулығын, өнімділігін арттыруда жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен бірге, Цифрландыру басқармасымен бірге ветеринария саласын автоматтандыру процесін зерделеуді жүктеді.


ПІКІР ЖАЗУ