Қалалық әмбебап кітапханада «Ихсан рухани тәрбие негізі» кітабының тұсауы кесілді

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Әл-Фараби атындағы қалалық әмбебап кітапханада «Ихсан рухани тәрбие негізі» кітабының тұсауын кесіп, құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Қызылорда облыстарының шаруаларына жем-шөппен қол ұшын беріп, қайырымдылық ұйымдастырған бір топ еріктіге алғыс хаттар табыстады.

Іс-шарада Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров сөз сөйлеп, дін бағытындағы игі істердің ел үшін маңыздылығына тоқталып өтті.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов жаңа кітаптың мазмұнымен таныстырып, әр адамның бойында ихсан, яғни, ізгі қасиет қалыптасса, тұтас қоғам түзелетінін тілге тиек етті. Ақын Біржан Байтуов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына қоғам белсенділері атынан алғыс білдірді.
Іс-шара соңында Құрмет Талапқазы бастаған бір топ ерікті алғыс хаттармен марапатталды.

 


ПІКІР ЖАЗУ