ЖОЛДАУ: Ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мәселесіне басымдық берді.
«Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді.
Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.
Нұралы Әбішев,
«Агро V» компаниясының директоры