Қала әкімі «Қамқорлық» қоры арқылы аутистік диагнозымен ауыратын балаларға орталық ашу көзделуде

0
71

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдап, сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Қаратау ауданының тұрғыны Данияр Сейітжанов мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы, білім, әлеуметтік көмек мәселелерін шешетін «Арда» қоғамдық қорының жұмысы туралы ұсынысын жеткізді.

Қала әкімі «Қамқорлық» қоры арқылы аутистік диагнозымен ауыратын балаларға орталық ашу мәселесін шешу бойынша жауапты тұлғаларға 10 күн уақыт берді. Бұл мәселені шешу үшін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанға тапсырма берді.

Қызылжар елдімекенінің тұрғыны Арман Бабатаевты баспана мәселесі қинайды. Ол 2015 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрады.
Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін атап өтті. Шымкент қаласында бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 60 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарланған болатын. Оның ішінде 25 пәтер пайдалануға берілді. Қалған 35 пәтер құрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына сәйкес, азаматтарға берілетін болады.

Шаһар басшысы кезекті қабылдауда тұрғындар мәселесін шешу үшін басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.


ПІКІР ЖАЗУ