ШЫМКЕНТ: Ел қызметінде жүрген полицейлер әулеті

0

Қазақ халқында «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі», деген даналы сөз бар. Атадан қалған кәсіпті ұрпағы жалғастырып, қандай да бір мамандықтың тізгіні атадан немереге жетуі, елдің дамуына қосылған зор үлес екені анық. Яғни бір саланың тізгінінде атасы, оның баласы, одан кейін немерелері қызмет етіп, абырой биігінен көрініп жатса бұл әулет үшін үлкен мәртебе. Міне дәл осындай атадан қалған жолды жаңылмай жалғастырып келе жатқан өнегелі әулет бар. Ол екінші дүниежүзілік соғыстың Құрметті ардагері полиция полковнигі Төлеген Жумадилдаевтың ұрпағы.

Кiшкентайынан әкенiң iс-әрекетiне қанық болып, үлгi етiп өскен баласы Жумадилдаев Қуанышбай Төлегенұлы көптеген жылдар бойы ішкі істер саласында абыройлы қызмет етіп келеді. Бүгінде полиция полковнигінің ұлдары Мақсат пен Нұргелді де әке жолын қуған полицейлер. Қос бауыр қазіргі кезде қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде қалтқысыз қызмет етуде.
Осылайша ата салған ізден тайынбай үлгі етіп, ізгі жолын баласы және немерелері де абыройлы жалғастырды. Құқық қорғау жүйесінде қалтқысыз қызметімен танылған отбасы мүшелеріне тоқтала өтсек, полиция полковнигі Жумадилдаев Қуанышбай Төлегенұлы Түркістан облысы ПД Күзет кызметін бақылау бөлімінің бастығы лауазымында қызметін атқаруда.
Ұлдары полиция аға лейтенанты Төлегенов Мақсат Қуанышұлы Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымында, ал інісі полиция лейтенанты Төлегенов Нұргелді Қуанышұлы Түркістан облысы ПД Сайрам ауданында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етуде.

Әрқайсысы өзіне міндеттелген қызметті абыроймен атқаруда. Ендеше, істеріңіз алға бассын Жумадилдаевтар әулеті. Осынау бірлігі бекем шаңыраққа тек шуақты күндер кешуін тілейміз. Әрдайым абырой биігінен көрінгейсіздер!


ПІКІР ЖАЗУ