ШЫМКЕНТ: 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы зерделенді

0

Білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы Шымкент қаласына келді.

Ол ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бірнеше білім мекемелеріне барып, зерделеп шықты.

ОҚМПУ, апатты мектеп орнына салынған “Низамхан” ж/м мектеп, “Тұран” м/а 79 орта мектебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп интернат, “Жас маман” бағдарламасы аясында материалдық базалары нығайтылған жеңіл өнеркісіп, жол-көлік колледждері мен Аль-Фараби жекеменшік мектебін аралады.

Шымкент қалалық білім саласының алдында “ЖОЛ картасы” аясында жүктелген 13 міндеттің 8-і орындалды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.


ПІКІР ЖАЗУ