Елорда күніне орай шымкентте модернизациядан өткен 3 кітапхана ашылды

0

Биылғы жылы Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған. І-кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңде 4 кітапхананы модернизациядан өткізу жоспарланды.

Бұған дейін І-кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болатын.

Ал бүгін Астана күніне орай қалған 3 кітапхана ашылып, ел игіліне берілді. Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.

Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға жылжығанының көрінісі.

Айта кетейік, ІІ-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілетін болады.


ПІКІР ЖАЗУ