Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесті.

0

Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жыл басынан атқарылған жұмыстар айтылып, алда жасалатын іс-шаралар мен жүзеге асырылатын жобалар талқыланды. Сондай-ақ, жастардың өзекті мәселелері мен олардың шешу жолдары да назардан тыс қалмады.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Әшірбайұлы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы атап өтті.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен кездесу барысында басқарма басшысы орталық жұмысымен және мекеме мамандарымен танысты.


ПІКІР ЖАЗУ