«Айдың нұры» қоры түркістандық қос студентке шәкіртақы тағайындады

0
«Айдың Нұры» қорының президенті Мөлдір Әшімханқызы өңір студенттерімен кездесу кешін өткізді. Жылағанның басынан сипап, мұқтаждың қажетіне жарап жүрген қайырымдылық қор басшысы жиынға арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Құр алақан емес, қос бірдей Түркістандық студентке шәкіртақы тағайындады. Екеуіде көпбалалы отбасынан шыққан ізденушілер болатын. Бірі жоғары медицналық коллежнің 3 курс студенті Сара Әбдіғали болса, екіншісі қаламыздағы көпсалалы техникалық оқу орнының 1 курс студенті Пернеш Серікқызы.
Қуаныш иелері қордың басшысы Мөлдір Әшімханқызы және төрайымы ақын Айнұр Тұрсынбаевағада алғысын жаудырды. 2 сағатқа созылған шара, Түркістан қаласының жастар орталығының су жаңа ғимаратында өтті. Елордалық қонақ, жастармен ашық пікірталас орнатып, ұсыныстарын тыңдады. Жалпы аталған қор, осыған дейін Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 100ден астам отбасыға көмек қолын созып, оның ішінде 5 отбасыға баспана алып берген. «Айдың нұры» қайырымдылық қоры биыл наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Қордың қаражатын толтырып, жұмыс істеуіне жағдай жасап, демеп тұрған алдымен халық, екінші — Айнұр Тұрсынбаева. Сондай-ақ жиын соңында қайырымды қызға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мырзаның арнайы алғыс хатымен марапатталды.


ПІКІР ЖАЗУ