«Көмір тапшы»: Алматыда әйел көмір алу үшін күтпеген әрекетке барды

0

Алматы облысында көмір тапшылығы адамдарды күтпеген әрекеттерге итермелеуде, деп жазады  ernur.kz 

Желі қолданушылары өңірде көмір тапшы екенін жазып жатыр. Мәселен, Кербұлақ ауданында тұрғындардың бірі көмір алу үшін жүк тиегіштің шөмішіне мініп алған. Әйелдің бұл әрекеті видеоға түсіп қалды, артынша әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары өңірде көмір тапшы екенін жазып жатыр. «Бұл жерлерде газ жоқ, адамдар көмір жағады. Қазір көмір де жоқ, бар болса да өте қымбат: тоннасы 25 мың теңге», — деп жазды Тәңірберген Бердоңғар Instagram-да. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаларға сүйенсек, Кербұлақ ауданының тұрғындары тым құрығанда бір тонна көмір алу үшін өз өмірін қатерге тігуде. «Билік халықтың әлжуаз топтарына көмір беру кезегін реттеуге уәде еткен еді. Бірақ олар бұл жерге келген де жоқ, тіпті өкілдерін де жібермеді», — делінген Instagram-дағы постардың бірінде.



ПІКІР ЖАЗУ