Халықаралық бақылаушылар референдум дайындығына жоғарғы баға берді

0

 Түркия елінен арнайы келген бақылаушылармен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған топ 5 маусымдағы референдумның өтуін қадағалайды. Кездесу барысында қос тарап та референдумға дайындық жұмыстарының әділетті әрі ашық өтуіне мүдделі екендерін жеткізді.

 Бауырлас екі елге ортақ қарашаңырақ – Түркістанға түркі жұртының ықыласы ерекше екенін айтқан облыс әкімі киелі шаһардың гүлденуіне, оның ертеңіне сенім білдірген түрік инвесторларының өңір экономикасының дамуына үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгеріс енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына сәйкес, халықаралық байқаушы ретінде Қазақ еліне келгеніңізге қуаныштымын. Бұл саяси науқан – тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін береді деп сенемін. Келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды күні қазақстандықтармен бірге болатыныңыз үшін алғыс білдіремін. Жалпы бауырлас Түркияның Түркістанға деген ықыласы ерекше. Көп көмек көрсетіп жатыр. Өңірге бауырлас елдің басшылары, ірі саясаткерлері жиі келіп тұрады. Ірі инвесторлар қалада бірнеше жобаға инвестиция салды. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқарамыз, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесу барысында.

Қазақстанда маңызды референдум өткелі жатыр. Осы референдумға бақылаушы ретінде шақырылдық. Біз бауырлас мемлекет ретінде саяси науқан кезінде қазақ бауырларымыздың қасынан табылсақ, деген оймен келіп отырмыз. Нұр — Сұлтан қаласында ғана емес, көне Түркістан қаласында да ресми зиярат ретінде әрі бақылаушы ретінде қатысу ниетінде болдық. Орталық сайлау комиссиясының төрағасына алғыс айтқымыз келеді. Өйткені ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Алдағы референдум Қазақ халқына жемісті, табысты жақсы болсын деп тілеймін,– деді Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая.
Қазақстандағы республикалық референдумның өткізілуін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 300-ге өкілі қадағалайтын болады. Шетелдік дипломаттар Түркістан өңіріндегі жалпыұлттық референдумға дайындық барысымен танысып, оң бағалады.

Түркиялық бақылаушылардан құралған топ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен шаһардағы тарихи және туристік нысандарды көрді. Сонымен бірге өңірдегі бірге Арыстан баб кесенесіне де барады деп жоспарланған.
Бүгінде облыста насихаттық жұмыстармен қатар, сайлау учаскелерінің саяси науқанға дайындығы да жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, Түркістан облысы бойынша 900-ден астам сайлау учаскесінде 1,1 миллионнан астам адам дауыс береді.
Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі



ПІКІР ЖАЗУ