“Мен туымлы мақтан етемін” мерекелік шеруі ұйымдастырылды

0

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осыған  орай Түркістан қаласында «Мен туымды мақтан етемін!» тақырыбында мерекелік шеру ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысының 17 аудан, қаласынан жастары автошеру жасап, Түркістанның басты көшелері арқылы Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтап, сән-салтанатымен алып өтті.

📌Ту, Елтаңба және Әнұран. Бұл мемлекеттік рәміздерді еліміздің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті. Рәміздер мерекесін Түркістан облысының жастары салтанатты түрде атап өтті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында жастар 30 санын реттілікпен жазып шықты.

📌Сонымен қатар, Түркістан облысының 17 аудан, қаласынан жиналған жастар, Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратында кездесіп, алдағы атқарылатын жұмыстарды талқылады. Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын. Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды болсын!

КілтсөздерМерекелік шеру


ПІКІР ЖАЗУ