Түркістан облысында 200-ден астам дәрігер жетіспейді

0
18

 Түркістан облысына 200-ден астам дәрігер керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістанға келген сапарында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әсіресе, өңірде кардиолог, невропатолог, реаниматолог, онколог, окулист, инфекционист секілді кадрлар тапшы. Бұл мәселені шешу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген жастар жұмысқа шақыртылмақ.

 Мәселен, өткен жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3000-ға жуық түлегі жіберілген.

 Оның ішінде Түркістан облысына 180 қызметкер келген. Ал, ағымдағы жылы 170 түлекті жіберу жоспарланып отыр. Ауылға жұмысқа келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылады.

 Өткен жылы 225 маман көтерме жәрдемақы алса, 183 маман тұрғын үймен, 92 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген.

 Ал, Түркістан облысында 25 маман көтерме жәрдемақығы ие болған.



ПІКІР ЖАЗУ