Түркістан облысында мектеп формасы бекітілді

0

 Мектеп оқушыларының формасына қатысты әлеуметтік желіде айтылып жатқан түрлі пікірлерге орай Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жауап берді.

 «Түркістан облысы ата-аналарының назарына! Мектеп формасына бір ғана талап қойылып отыр: қара көк түсті форма мен ақ көйлек. Басқа талап жоқ. Егер бұрын-соңды өзге форма алынып қойса, оны киюге рұқсат», — деп жазды басқарма басшысы өз Facebook парақшасында.

 Айта кетейік, Түркістан облысында 906 мемлекеттік, 53 жекеменшік мектеп бар.



ПІКІР ЖАЗУ