Мәскеуде «Қасірет қабырғасына» гүл қоймақ болған алты адамды полиция әкеткен
Мәскеу полициясы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қасірет қабырғасы» ескерткішіне гүл қоймақ болған алты адамды алып кеткен.
Оларды полиция бөлімдеріне апарып, кейін бесеуін ешқандай хаттама толтырмастан босатқан. Акцияға қатысқан, кәмелетке толмаған жасөспірімді кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау орталығына апарған.
Мүсінші Георгий Франгулян мен архитектор Андрей Франгулянның авторлығымен салынған «Қасірет қабырғасы» деп аталатын мемориалды ескерткіш 2017 жылы қазан айында Мәскеудегі Сахаров даңғылы бойында Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен ашылған.