Биыл облыста “ Ауыл- ел бесігі” жобасымен 249 жоба іске асырылады

0
6

Биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр. Өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды уақытылы тапсыру мәселесі басты назарға алынған. 8 айдың қортындысына сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306,7 млн. теңге үнемделіп отыр. Ауыл -ел бесігі жобасы өңірдің Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Бәйдібек, Келес аудандары мен Арыс, Кентау қалаларында сәтті жүзеге асырылып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ