The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгін біз ұлы тұлға, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін жиналдық. Бұл шара – батырымыздың ерлігін, отаншылдық рухын және халқымыз үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі іс-шара – Рақымжан Қошқарбаевтың мұрасын мәңгі сақтау, оның атымен байланысты тарихи оқиғаларды жаңғырту, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды сәт. Біз оны ұмытпай, жадымызда сақтауға міндеттіміз, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мерекелік іс-шара аясында  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсаты – олыстағы әртүрлі деңгейдегі Ардагерлердің өзара бірлігін нығайту, «Ардагер» деген құрметті есімнің мәртебесін көтеру, ұлағатты өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарын сақтау.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жаңа рекорд орнатылды: 100 елдің қолөнершілері Алатау баурайында жиналды

admin

Түркістан: сарыағаштық тұрғындар «ауыл аманаты» жылыжай шаруашылығын дамытуда

admin

Екі шымкенттік жалған шот-фактура арқылы мемлекетке 700 млн теңге салық төлемеген

admin