The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жамбылдағы жер сілкінісі: вице-министр бастаған топ өңірге кетті

 Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және жедел шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы өңірге жіберілді.

Сондай-ақ жұмыс тобы құрамында – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ филиалының басшылығы, Үкімет Аппаратының өкілдері бар.

Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардағы, жол қатынастары мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану туралы жиын өтті

admin

Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

admin

ІІМ-де үлкен ауыс-түйіс: Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде полиция басшылары жаңарды

admin