Арыс: Ақдалада 240 орындық клуб-кітапхана кешенінің құрылысы басталады

0

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жақын күндері Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде тұрғындар ұсынысына орай, 240 орындық клуб-кітапхана кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық жергілікті тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді.

«Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттары толығымен әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сәтін салса, келер жылы ішінде құрылыс нысанын аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған», – деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық.

Сонымен қатар, осы күндері Ақдала елді мекенінің маңынан талапқа сай қоқыс полигонын салу үшін «АРХ-комплекс» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған нысан құрылысы 2023-2024 жылдары жүргізіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, бұл күндері Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық бастаған әкімдік өкілдері мен дербес бөлім басшылары және сала мамандарынан құралған арнайы топ ауылдарды аралалап, тұрғындармен ашық диалог құру мақсатында кездесулер өткізуде.

Мұндай шара қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жетекшілігімен сәуір айында өткен болатын. Сол кездесуде тұрғындар тарапынан жергілікті атқарушы билік өкілдеріне 17 ұсыныс пікір, өтініш, шағым түскен болса, бүгінде оның 12-сі толыққанды шешілген. 1 ұсыныс тұрақты бақылауда, ал қалған 4 ұсыныс қаржыға байланысты кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Арыс қаласы әкімнің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ