The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы-қазақ алыбы Қажымұқан бабамыздың ауылының тұрғындарымен кездесті.

Қажымұқан ауылының тұрғындары С. Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінде жиналып, аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына  ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Өз кезегінде ауылдың бүгінгі күні өзекті деген тақырыптарына тоқталған тұрғындар ой-пікірлерін бүкпесіз айтып өтті.

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов ауыл тұрғындарының әрбір ұсыныстарын тыңдап, олардың шешілу жолдарын қарастыру мақсатында бүгіннен бастап жүйелі жұмыс жасалынатынын сөзге тиек етті.

Кездесу соңында С. Ысмайлов атындағы жалпы орта  мектебінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Биылғы шомылу маусымында 423 бала жүзуді үйренді

admin

Алматы метросында жолаушылар саны жаңа рекорд орнатты

admin

Түркістан: Мектеп директорларын тағайындау конкурсы тікелей эфирде жүргізілді

admin