Кентауда: «қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Кентау қаласында ағымдағы жылдың 20 шілдемен – 18 тамыз айы аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты жол көлік оқиғаларын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, қарсы келіп жол айырысу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту т.с.с жәйттарының алдын алу болып табылады.
Сондай-ақ, осы мақсатта жергілік полиция қызметкерлері қала ішіндегі қоғамдық көліктер мен қала аралық көліктерге тексеріс жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінде шара барысында 878 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 27 көлік айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, жеті көлік жүргізушісі автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталып, автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі