The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы әкімі қала тұрғындарын Абайдың 180 жылдығымен құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қазақтың бас ақыны, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, алматылықтарды және қала қонақтарын мерейлі датамен құттықтады.
Әкім Абай мұрасы даналықтың, адамгершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің таусылмас қайнары екенін атап өтті. Абайдың сөзі әлі күнге дейін өзекті, халықты біріктіреді.
«Бұл күн тек еске алу ғана емес, оның мол рухани мұрасынан тағылым тартып, ұрпақ санасына сіңірудің мерейлі сәті. Абайдың асыл сөздері мен өнегелі ойлары бізді елдікке, әділдікке, білім мен өнерге ұмтылуға шақырады», — деді Дархан Сатыбалды.
Кейін Абай алаңында белгілі өнерпаздардың қатысуымен «Алаштың Абайы» атты үлкен музыкалық-драмалық концерт өтті.
Абайдың мерейтойына орай Алматыда 100-ден астам — театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер және жастармен кездесулер іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ, спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар өтеді.
Іс-шаралар қала бойынша ұйымдастырылып, жастарды ұлттық мәдениетке баулу мен Абайдың рухани мұрасын терең түсінуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл жай мәтін емес»: Асхат Аймағамбетов Преамбулаға ерекше баға берді

admin

Мұғалімдерді аттестаттау жеңілдей ме? – Министрлік талаптарды қайта қарайды

admin

Голливудтың аңызға айналған актері Чак Норрис өмірден озды

admin