The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматылықтарға қоршаған ортаны ластағаны үшін ірі айыппұлдар салынуда

Айыппұл мөлшері 786 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

4 және 5 қазан күндері полиция мен “ЭКО Алматы” ЖШС бірлесіп, автокөліктердің шығарындыларын бақылау бойынша кезекті рейд өткізді. Тексерілген 131 автокөліктің 21 жүргізушісі ластаушы заттардың мөлшерін асырып жібергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

Биыл наурыздан бастап мұндай құқықбұзушылықтар ескерту жасамай-ақ айыппұл салуға әкеледі: жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК (39 320 теңге), ал заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК (393 200 теңге). Қайталанған жағдайда айыппұл сомасы екі еселенеді.

Алматы экология қызметкерлері бірнеше жылдан бері көлік шығарындыларын тексеруде стандарттарға сай келмейтін өз әдістемелерін қолданып жүр. Автокөліктердің уыттылығы мен түтінділігін анықтауға арналған жаңа ережелер нұсқасын да олар бұзушылықтармен дайындап, іске қосты. Сондықтан экопосттарда салынған айыппұлдарды сот арқылы даулауға болады, – дейді kolesa.kz сарапшылары.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар: аудан басшысы маяқұм ауылындағы өзекті мәселелермен танысты

admin

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған

admin

Болашакеры приняли участие в онлайн-ярмарке вакансий от «Самрук-Қазына»

admin