The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТЖМ Қазақстандағы биік үйлерді қабылдау талаптарын қатаңдатты

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі биік көпқабатты үйлерді пайдалануға қабылдау тәртібін қатаңдатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 ақпаннан бастап биіктігі 28 метрден жоғары (шамамен 8–10 қабат) барлық көппәтерлі тұрғын үйлер қоныстандырылмас бұрын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті.

Бұл құжатты ТЖ жөніндегі аумақтық органдар салынған ғимаратқа өрт-техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін береді.

Жаңа нормалар Президент 2025 жылдың жазында қол қойған «Азаматтық қорғау туралы» заңда бекітілген.

Қорытындыны онлайн түрде eGov порталы арқылы, «Е-лицензиялау» жүйесінде алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Келес ауданындағы тойхана мектепке айналды

admin

Шымкентте 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды

admin

Қазақстанда теміржол желісінің 57%-ы тозған

admin