The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

ШЫМКЕНТ: «ОРМАНШЫ» ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Орманшы» елдімекеніндегі бұрынғы құрылыс қалдықтары полигоны аумағы бүгінде демалыс орнына айналды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталды.
Таяуда қала әкімі М.Әйтенов абаттанған нысанды аралап, құрылыстың сапасымен танысқан болатын.
Бүгін елдімекенде демалыс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, Қаратау ауданының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан бұл демалыс орнын «Алатау» деп атау ұсынылды. Елдімекен тұрғындары жылдар бойы қоқыс полигонының иісі мен түтеген түтінінен зардап шеккен кездерін еске алып, бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапқанына қуанып отыр.
Демалыс орнының ауданы 4,48 гектарды құрайды. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орналасқан. Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары және әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Атырау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 7 млрд теңге бөлінген

admin

«Таза Қазақстан»: Абай облысында бұлақ маңы тазартылды

admin

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты отбасы құқығының қорғалуын күшейтуге үлкен үлес қосты

admin