Түркістан: Жас аналар арасында шеберлік сабағы өтті

0

Мақсат – үйде жұмыссыз отырған жас аналардың кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал жасау.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» №285-V Заңында, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау қарастырылған. Арыс қаласының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і әрдайым, жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсетіп келеді. Осы тұрғыда ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас аналарға арналып тегін шеберлік сабақ өтті. Шеберлік сабақтың мақсаты – үйде жұмыссыз отырған жас аналарға кондитерлік өнімдерін, атап айтқанда балалардың сүйіп жейтін тәтті тағамдарын пісіруді үйрету, өз кәсібін ашып кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал жасау. Аталған шараға қала және ауылдық округтерден жас аналар қатысып, тәтті тағамдарды дайындаудың қыр-сырын үйреніп, қажетті мәліметтерін қағаз бетіне түсіріп отырды. Қатысушылар шеберлік сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірсе, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева жас аналарды бүгінгі үйренгендерін ертеңгі күні кәдеге асырып, бақытты отбасының ұйытқысы болуларына шақырды. Ел игілігі үшін жасалатын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



ПІКІР ЖАЗУ