The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан : Мақтаралда жас балуандар күш сынасты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

2004 – 2006 жылғы жасөспірімдер арасында 60, 65, 71 және +75 келі салмақта, 2007 – 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 39, 42, 45, 48, 51 және 57 келі салмақтарда өткен күрес бәсекесінде Мақтаарал, Төлеби, Шардара, Сайрам, Сарыағаш, Жетісай аудандарымен қатар, Тараз және Шымкент қалаларынан келген жас палуандар күш сынасты.

Турнирге арнайы шақырылған грек-рим күресінен Азия Чемпионатының екі дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Адильхан Сатоев жасөспірімдерге шеберлік сағатын өтіп, боз кілемде белдесетін палуандарға сәттілік тіледі.

Турнир соңында барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар, жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушылар арнайы дипломмен және медальмен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Әскердегі соққы: Жақ сүйегі сынған сарбазды туыстарынан жасырған

admin

Өмірзақ Шөкеев жаңа әкім қызметіне сәттілік тіледі

admin

Халыққа қолайлы жағдай жасау: қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылады

admin