Балаларға күрделі оталар сәтті жасалды

0
Түркістан облыстық балалар ауруханасында МӘМС негізінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚЭХҚ Қазақстандық эндоскопиялық хирургтер қауымдастығының президенті Котлобовский Владимир Игоревичтің жетекшілігімен «Несеп бүйрек жолының бүйрек поликистозы-эндовидеоскопиялық нефроэктомиясы, шап жарығының PIRS тәсілімен» және «Крипторхизм ахауында-лапараскопиялық орхидопексия» оталары жасалды. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті.
Бүгінгі таңда балалардың жағдайы жақсарып келеді.
Айта кетейік, биыл Түркістан облыстық балалар ауруханасында сегіз мыңға жуық ота жасалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ