Бәйдібек ауданында 70 шақырымнан аса ескі жол жаңартылды
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар 71,4 шақырымдық 3 бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда Мәдениет-Мыңбұлақ елдімекендерінің арасы, Жамбыл-Шаян және Шалдар-Сарқырама-Кеңсай-Бірлік автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз асфальт жабындысы алынып, жол негізі құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылған. Сондай-ақ, 2 қабат асфальт жабындысы төселіп, қалдықтар жол жиегін нығайту үшін кәдеге жаратылды.
Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі