Бәйдібек: аудан әкімі алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

0

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Бәйдібек ата ауылында Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Жиында аудан әкімі Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынып, бүгінгі күнге дейінгі жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жоспарларды баяндады.

Кездесуде округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімі тиісті мекеме, бөлім басшыларымен бірге сұрақтарға жауап берді. Кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алып, Жарықбас елді мекенінің ауыз суын ретке келтіру, округтегі ветеринариялық санитариялық қауіпсіздіктің алдын алу бойынша тұрғын үйлердегі қора жайларға дезинфекция жұмыстарын ұйымдастыру, Жарықбас елді мекенінің электр жарығын ретке келтіру жөнінде тиісті орынбасарлары мен бөлімдерге және ауыл әкіміне тапсырма жүктеді. Аталған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, мерзімі белгіленіп, аудан әкімінің бақылауына алынды.

Ержігіт Шәріпбековтің Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары  бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ