Бәйдібек: материалдық көмек көрсетілді

0

2022 жылдың 29 маусым күні кешкі сағат 21:15 шамасында Бәйдібек ауданы Жиенқұм елді мекенінде табиғат тосын мінез танытқан құйыннан 50 тұрғын үй,  1   Жиенқұм жалпы орта мектебінің шатыры мен электр бағаналар зардап шеккен болатын.

Орын алған жағдай бойынша аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков халықпен кездесіп, көмек көрсету көздерін қарастыруды тапсырды. Аудан әкімінің сала бойынша орынбасары Бағдатбек Жанғазиев  оқиға орнында талдау жасап, бұл жағдай ауа райы болжау орталығында тіркелмегендігі,  орны алған шығынды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен қарау мүмкіндігі болмағандықтан демеушілер тарапынан жүргізді.

Нәтижесінде бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Досалиев және аудандық тұрғын үй коммуналдық шарауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Енжановтар демеушілердің ұйымдастыруымен  50 тұрғын үйге 1050 дана шифер, 19 тақтай (стропила), 1079 метр рейка, 20 профнастил таратылып берілді.

Жиенқұмдық тұрғындар аудан басшылығына, демеушілік танытқан «Сапа құрылыс» ЖШС, «Аламан Инвест» ЖШС, «Универсальстрой сервис» ЖШС, «Ерасыл құрылыс» ЖШС, «АС-Строй» ЖШС, «Бек строй» ЖШС және материалдық көмек көрсеткен жекелеген азаматтарға алғыстарын білдірді.


ПІКІР ЖАЗУ