Бастау бизнестің жаңа негіздерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

0

Облыс орталығында “Бастау бизнес” жобасына қатысу, “business.enbek.kz” порталына өтініш білдіру әдістері мен мемлекеттік грант тағайындау ережелеріндегі  жаңа негіздерді түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Секторларда жеке- жеке өткізіліп жатқан кездесулерде “Жұмыспен қамту орталығының” директоры Ақмарал Жулаева тұрғындардың түрлі сауалдарына жауап беруде.

Аталған жобаға қатысу үшін электронды түрде business.enbek.kz сайты арқылы өтініш беріледі. Адамдардың санаттарға сәйкестікті тексеру business.enbek.kz порталында автоматты режимде жүзеге асырылады, одан кейін skills.enbek.kz платформасында “Бастау Бизнес” жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту” онлайн курсына қолжетімділік беріледі.

Қатысушылар саны шектеусіз.

“Бастау Бизнес” жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту» онлайн курсының қатысушылары бола алады:

1) жұмыссыздар;

2) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

3) зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

ЕСКЕРТУ: Түркістан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына кеңес алу мақсатында жүгінуге болады, алайда орталық тарапынан жолдама берілмейді. Онлайн оқыту оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.


ПІКІР ЖАЗУ